«Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамбет Дөнсебаев Талдықорғандағы уақытша ұстау изоляторына 2 айға қамалды. Облыстық соттың баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қалмұхамбет Дөнсебаевты 1,8 миллиард теңге жымқырды деп күдіктенеді.