Президент «Orbis Kazakhstan» компаниялар тобының негізін қалаушы Фаррух Махмудовты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Orbis Kazakhstan» компаниялар тобының негізін қалаушы Фаррух Махмудовты қабылдады

01.06.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Orbis Kazakhstan» компаниялар тобының негізін қалаушы Фаррух Махмудовты қабылдады. Кездесуде компанияның жұмыс нәтижелері мен даму перспективалары айтылды.

Алматы индустриялық паркінде толық циклді автомобиль зауытын салу жоспары баяндалды. Жоба аясында Қытайдың Exeed және Kaiyi секілді брендтері бір өндіріс алаңында бірігеді. Жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі – 72 миллиард теңге. Бастапқы кезеңде 1500 жаңа жұмыс орны ашылады.  

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу