Азаматтардың үштен бірі ғана декларация тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азаматтардың үштен бірі ғана декларация тапсырды

29.05.2024

Елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі баяу жүріп жатыр. Биыл заңды тұлғалар, кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары табысын жария етуі тиіс. Барлығы екі жарым миллиондай адам. Десе де олардың үштен бірі ғана декларация тапсырған. Бүгін мемлекеттік кірістер комитеті оларға қыркүйекке дейін уақыт барын ескертті. Үлгермей немесе мүлігін жасырғандарға алдымен ескерту кейін айыппұл қарастырлған. Ал келер жылы қалған азаматтардың барлығы жаппай декларация тапсырады. Осылайша төрт жылда 13 миллон адам табысын жария етуі тиіс.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу