СҚО-да су тасқынынан зардап шеккен үйлерді бағалау қорытындысы жарияланды
Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен үйлерді бағалау қорытындысы жарияланды. Оған сәйкес 3898 үйдің 1720-сы тұруға жарамсыз деп танылды. Басым бөлігі облыс орталығында орналасқан. Қазір Петропавлдың «Солнечный 2» кентінде табиғи апат салдарынан баспанасынан айырылған азаматтарға арналған 520 үй салынып жатыр. Жаңа баспанаға ие болғысы келгендер қалалық әкімдік жанындағы арнайы комиссияға өтініш бере алады. Мамандардың айтуынша әзірге 100-ден астам адам жаңа ауданда тұруға ниет білдірген.
Абзал Жармұқанов, Петропавл қаласының тұрғыны:Подгора, Западный 19, тұрғам, сол жерде. Тексерді, қарады. Ауылда өсіп, үйренгенбіз енді. Қалада да, осында келіп, жерде үй алғамыз. Енді мында тағы қарап жатырмыз сол, жер үй болсын деп. Біздің отбасқа да жақсы болады, үш бөлмелі үй.
Жоспарға сай жаңа баспаналардың алды маусым айында қолданысқа беріледі. Әрқайсысының ауданы 80 шаршы метр. Қалалық жергілікті ірі кәсіпорындардың бірімен меморандум жасасты. Оған сәйкес зауыт үйлерді ішінара жиһазбен қамтиды.
Майгүл Елемесова, Облыстық құрылыс басқармасының баспасөз хатшысы:200 үйдің құрылысына «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, 5 млрд-қа жуық қаржы бөлді. Қалған 300 үйдің құрылысына «Каспи» және «Қазақмыс» компаниясы. 200 үй газоблоктан салынса, 300 үй панельді үйлер болмақ. Панельдердің ерекшелігі, олар әлдеқайда жылы болады.
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
