Аргентинада кедейшілік деңгейі 50 пайыздан асып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада кедейшілік деңгейі 50 пайыздан асып кеткен

29.05.2024

Аргентинада кедейшілік деңгейі 50 пайыздан асып кетті. Жағдайының нашарлағанына ашынған бірталай адам шеруге шықты. Олар биліктен тегін тамақ беретін асханаларға көмектесуді талап етіп жатыр. Ал елдің жаңа үкіметі мұндай асханаларға азық жеткізуді желтоқсанда тоқтатты. Содан бері екі мемлекеттік қоймада 5 тоннадай тауар жиналып қалған. Шерушілердің пікірінше, текке жатқан азық-түлік кедейлерге таратылуы керек. Айта кетсек, бірнеше жылдан бері экономикалық дағдарысты еңсере алмай отырған Аргентинада инфляция деңгейі 300 пайызға жақындап қалған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу