Аргентинада аштыққа қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада аштыққа қарсы шеру өтті

25.08.2023

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте мыңдаған адам шеруге шығып, аштыққа наразылық білдірді. Демонстрация барысында олар үкіметтен экономикалық дағдарыс тереңдеген шақта әлеуметтік бағдарламалар мен тегін сорпа тарататын асханаларды қолдауға көбірек ресурс бөлуді талап етті.

Айта кетсек, бұл мемлекетте инфляция деңгейі 113 пайызға жетіп отыр. JP Morgan банкінің болжамынша, бұл көрсеткіш жыл соңында 190 пайыздан асып кетуі мүмкін. Осы қымбатшылық салдарынан қазір Аргентина тұрғындарының 40 пайызы кедейшілік шегінен төмен жағдайда өмір сүріп жатыр.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу