Қазақстанда жұмыс істеп жатқан өзбекстандық компаниялар саны жыл басынан бері 18 пайызға өскен. Көрші елдің бизнес иелері осы көрсеткіш бойынша үздік үштікке ілінді. «DataHub» тұңғыш несие бюросының мәліметінше өзбекстандық кәсіпкерлердің үлесі артып, осы жылдың төрт айында 4 мың 600-ге жетті. Ал өткен бір жылда бірлескен кәсіпорындар саны 1,5 есеге өскен. Жалпы, Қазақстанда тіркелген шетелдік компаниялар бойынша Ресей көш бастап тұр. Одан кейінгі орында Түркия мен Өзбекстан. Бауырлас елден келген кәсіпкерлердің басым бөлігі сауда-саттықпен айналысады.
Базаркүл Отыншиева