Атырауда су тазарту қондырғысы уақытша тоқтады
Атырауда су тазарту қондырғысын, тасқын су басты. Қала іргесіндегі Амангелді ауылында станцияның жұмысы уақытша тоқтады. Осының салдарынан Дамба, Қызыл Балық, Жаңаталап және Құрманғазы ауылдарына салқын су Атырау қаласынан келіп жатыр. Бұл аталған елдімекендердегі баспаналарда су қысымының төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін. Қазір қалпына келтіру жұмыстары басталды. Маусым айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал өңірдегі Жайықтың жайына тоқталсақ. Аудандарда су деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Алайда қаладағы гидробекетте, су молайғаны байқалады. Су деңгейі бүгін 6 метрге жетті. Қауіп әлі сейілмей тұр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03

Президент бірқатар кездесу өткізді
17.09.2025, 19:59
Президент: Діни дипломатияның әлеуетін пайдалану маңызды
17.09.2025, 19:55
Мәскеуде Н.Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт өтті
17.09.2025, 17:45
Мектептердегі кітапхана қорына 2 млн-нан аса кітап қосылды
17.09.2025, 17:39
Архив қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өседі
17.09.2025, 17:36
Еліміздегі гидротехникалық нысандардың 40% тозған
17.09.2025, 17:33
ЖИ интеллектуалдық ойында да қолданылмақ
17.09.2025, 17:30