Еуропаның үш елі Палестинаның мемлекеттігін мойындады. Олар - Испания, Ирландия, Норвегия. Бұл елдердің әрекетіне қарсы болған Израиль Мадрид, Дублин және Ослодағы елшілерін кері шақырып алды. Осы күнге дейін Палестинаны Біріккен Ұлттар Ұйымындағы 193 елдің 140-ы мойындаған. Бірақ олардың арасында АҚШ, Германия, Франция тәрізді негізгі державалар жоқ.
Арыстан Рысбек