Израильге де, Палестинаға да қысым көрсету тетіктері бар - Саясаттанушы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильге де, Палестинаға да қысым көрсету тетіктері бар - Саясаттанушы

16.05.2021

Израиль пен Палестинаның кезекті текетіресі. Саясатта мораль жоқ есепті. Геосаясатта тура солай. Тек мемлекеттің мүддесі бар. Палестинаға жан ашу бар да, әр қақтығыс сайын «неге солай?» дегенде Израиль мен алпауыт мемлекеттерді жазғыру ғана бар. Мұндай реакция саяси сананың баланың санасындай екенін көрсетеді. Ал таза прагматикалық тұрғыдан талдасақ, бір қыры мынадай: 

Асхат Қасенғали, саясаттанушы:
Бұл қақтығысты әлем күштері кез келген уақытта тоқтата алады. Израильге де, Палестинаға да қысым көрсету тетіктері бар. Ол экономикалық тұрғыдан болсын, саяси тұрғыдан болсын. Бірақ олай істелінбейді. Себебі бұл аймақта көптеген мүдделер тоғысып жатыр. Батыстық мүдделер бар: АҚШ тарапынан, НАТО тарапынан және Еуропаның тарапынан. Араб елдерінің мүдделері бар. Діни тұрғыдан да қақтығыстар бар сүнниттер мен шииттер деген сияқты. Және соңғы кезде Түркия мен Ресейдің де мүдделері осы аймақта артып келеді. Ықпалдары артып келеді. Мысалы, бір факт ретінде айтайын. Кеше тоқтатуға болар еді. БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде дәл осы қақтығысты тоқтатуға қатысты арнайы резолюция ұсынды. Бірақ ол резолюция қабылданған кезде бір ғана мемлекет қарсы шықты – АҚШ. Демек, қақтығыс әрі қарай жалғасын табады. Сондықтан мемлекеттер тоқтатуға толық мүмкіндігі бар болса да, қазіргі таңда оны тоқтатуға мүдделі болмай отыр.


Хабарламаларға жазылу