Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында бруцеллез анықталған 9 ауылда шектеу жарияланды

Қарағанды облысында бруцеллез анықталған 9 ауылда шектеу жарияланды

9 елдімекенде бірден шектеу жарияланды. Қазір бұл ауылдарда санитарлық талап күшейтілген.

Жандос Бақытұлы, тілші:
Бруцеллез өңірдегі Шет, Қарқаралы, Нұра және Абай аудандарында анықталды. Кейін бұл тізімге Осакаров ауданы да қосылды. Індет анықталған ең шалғайдағы елдімекен Темірші ауылы облыстан 400 шақырым жерде орналасқан. Ауылда мыңға жуық тұрғын бар. Қазір мамандар кесел адамға да жұғуы мүмкін деген күдікпен мал иелерінің денсаулығын тексеріп жатыр. Әзірге ауру адамнан анықталмады. Санитарлық шектеу жарияланған 9 ауылдан малды шығаруға, етін, сүтін саудалауға тыйым салынды.
Ержан Бекетбаев, ҚР АШМ ветеринарлық бақылау комитеті облыстық аумақтық инспекциясының басшысы:
Бруцеллез ауруының 15-20 күн сайын барлығынан қан алынады. Бруцеллез ауруы тән мал түрінен қан алып оң нәтиже көрсеткен малдарды санитарлық союға жіберіледі. Еті қайта өңдеуге жіберіледі.
 Жандос Бақытұлы, тілші:
 Бүгінге дейін 18 бас сиыр сойылған. Өзге ірі қарадан алынған сынамалар екі мәрте таза шықса ғана санитарлық шектеулер алынып тасталады. Әзірге бақылау комитеті аудан тұрғындарына барынша сақ болуды ескертеді.
 
Жандос Бақытұлы

Бөлісу