Астанада Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысын пышақтап кетті. Ақпаратты білім беру мекемесінің өкілдері растады. 18 жастағы қызды өлтіруге оқталды деген күдікті кәмелет жасына толмаған. Оның бұл мектепте оқымайтыны да белгілі болды. Полицейлер оны уақытша ұстау изоляторына қамаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы. Ал зардап шеккен қыз ауруханада жатыр. Дәрігерлер оған операция жасаған.
Асылбек Данияр