Бангладеш пен Үндістанның жағалаудағы аудандарында қатты жел соғып, жауын құйды. Салдарынан миллиондаған адам жарықсыз қалды. Сағатына 135 шақырым жылдамдықпен соққан «Ремал» дауылынан үйлердің шатыры ұшты. Бангладеште - 800 мың, Үндістанда - 110 мың адам қауіпсіз жерге көшірілген. Қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ. Осы циклон салдарынан Бангладеш астанасы Дакканы су басса, Үндістанның Калькуттасында 50 шақты әуе рейсі доғарылды.
Арыстан Рысбек