Түркістан облысындағы ежелгі қорымнан ханның айнасы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысындағы ежелгі қорымнан ханның айнасы табылды

23.05.2024

Түркістан облысындағы Қараспан ауылы төңірегінен ханның айнасы табылды. Қазба жұмыстары кезінде ескі қорымда ауқатты отбасы мүшелерінің мүрдесі мен бағалы дүниелері қоса көмілгені анықталған. Археологтар бұл орынның 2 мың жылдан астам тарихы бар екенін айтады. Бұл бірегей жәдігерлер Қаңлы кезеңінің мәдениетін тағы да тани түсуге жол ашады. Енді ежелгі Қараспан қалашығында қазба ісі қайта жанданып, қаңқа сүйектері зерттелмек.

Гүлмира Стамқұлова, археологиялық экспедиция мүшесі:
Бұл жерде ауқатты адамдар жерленген. Яғни, бұл жерленген қаңқа сүйектеріне қарап, олардың әр уақыт аралығында жерленгенін байқауға болады. Табылған артефактілерге байланысты сондай шешім шығаруға болады. Антропологтар сүйектеріне және тістеріне қарап, олардың жасын анықтайды. 


Хабарламаларға жазылу