Мемлекет басшысы Сингапур Президентімен келіссөз өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Сингапур Президентімен келіссөз өткізді

23.05.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Сингапур президентімен келіссөз жүргізді. Алыстан келген әріптесін Тарман Шанмугаратнам, Истана сарайының алдында салтанатты түрде қарсы алды. Екі елдің әнұрандары шырқалып, құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев, құрметті қонақтар кітабында қолтаңба қалдырып, Сингапурдың делегация мүшелерімен қол алысты. Сингапур президентімен естелік суретке түсті.

Бұдан соң, қос елдің президенттері келіссөз өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев, қазақ делегациясына сый-құрмет көрсеткені үшін алғыс айтып, бұл 20 жылдан астам уақыт ішінде, Қазақстан Президентінің Сингапурға жасаған бірінші сапары екенін атап өтті.

Сондай-ақ 1970-жылдары Кеңес одағының дипломаты ретінде қызмет еткендіктен, бұл елді өте жақсы білетінін және араға уақыт салып, мұнда Қазақстан Президенті ретінде қайта келгеніне қуанышты екенін жеткізді. Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларды дамыту жайын талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстанның Сингапурмен энергетика, аса маңызды шикізатты өңдеу, инфрақұрылымды дамыту, цифрлық экономика, қаржы технологиясы, агротехнология, логистика және байланыс секілді негізгі салалар бойынша ынтымақты кеңейтуге мүдделі екенін мәлімдеді.


Хабарламаларға жазылу