Сенаторлар елордадағы кітапханалардың қызметімен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенаторлар елордадағы кітапханалардың қызметімен танысты

22.05.2024

Сенат Төрағасы бастаған Палатаның бір топ депутаты Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметімен танысты. Олар оқу залдарына арнайы барып, кітап қорына назар аударды. Кітапхана қызметкерлерімен бірге бұл саланы дамыту және халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мәселелерін талқылады. Мәулен Әшімбаев қоғамда дұрыс құндылықтарды дәріптеу, оқу мәдениетін қалыптастыру және білім беру саласын ілгерілету бағытында кітапханалардың атқаратын рөлі зор екенін атап өтті.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу