Сенаторлар білім беру жүйесімен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенаторлар білім беру жүйесімен танысты

16.11.2017

«Мұғалім білім беру жүйесінде басты тұлғаға айналуы тиіс». Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова осылай дейді. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары көшпелі отырыс аясында Астана қаласындағы білім беру мекемелерінде болды. Сенаторлар 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджеттен білім беру саласының мұқтаждықтарын қаржыландыру мәселелеріне тоқталды. Депутаттардың пікірінше, ең алдымен мұғалім еңбегіне төлем деңгейін көтерумен қатар, оларға морльдық тұрғыда қолдау көрсету қажет. Өзекті мәселелер білім беру жүйесін қаржыландыруды жан басына есептеу жүйесіне көшіруге байланысты шешілуі тиіс.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу