Атырау облысында 80 жылқы тасқын судың ортасында қалған. Құтқарушылар малды қауіпсіз аймаққа шығарды. Өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шаруа қожалығын су басқан. Қожалық иесі малын аман алып қалу үшін құтқарушыларға хабар беріп, көмек сұраған. Оқиға Қайыршақты ауылдық округінде болды. 80 жылқы қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл шараға 18 маман, 8 қайық пен 4 техника жұмылдырылды. Бүгін де эвакуациялау жұмыстары жалғасады. Себебі, қожалықтың әлі де су қоршауында қалған басқа да малы бар.
Самал Қабышева