Қостанай облысына 2 тоннадан аса гуманитарлық көмек жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысына 2 тоннадан аса гуманитарлық көмек жеткізілді

20.05.2024

Қостанай облысының Амангелді ауданына Жамбыл облысынан 2 тоннадан аса гуманитарлық көмек жеткізілді. Бұл негізінен азық-түлік, гигиеналық және күнделікті тұрмысқа қажетті заттар. Гумкөмек керуенімен бірге өңірге Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өкілдері де келді. Олар Арқалық қаласы мен Амангелді, Жангелдин аудандарында болып, жергілікті жұртпен жүздесіп, талап-тілектерін тыңдады. Тасқынның зардабын жоюға байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Қазір бұл өңірде барлық елдімекендерге қатынас бар, алайда бірнеше ауыл әлі жарықсыз отыр. Сонымен қатар Жангелдин ауданында 41, Амангелді ауданында 27 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бірнеше отбасына Арқалық қаласынан пәтерлер берілген.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары:

Біраз адам өздері таңдаған үйлеріне кіріп, қалыпты тіршілігін бастаған. Олардың да үйлерін көрдік. Жалпы елдің көңіл-күйі жақсы, үміттері үлкен. Тиісті көмек қанша мөлшерде, қалай берілетіні анықталған, оны көпшілік қабылдап отыр.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу