Ақмола облысына 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек қайықпен жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысына 10 тоннадан астам гуманитарлық көмек қайықпен жеткізілді

22.04.2024

Ақмола облысы Жарқайың ауданына қарасты Баранкөл, Құмсуат және Нахимовка ауылдарына, он тоннадан астам гуманитарлық көмек қайықпен жеткізілді. Осыдан он күн бұрын бұл елдімекендерге барар жолды қарғын су шайып, қатынас үзілген. Қазір, қауіпті аймақтарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Арнайы штаб, жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр. Сондай-ақ, су ортасында қалған Баранкөл ауылынан екі бала аудандық ауруханаға қайықпен жеткізілді. Қазір олардың жағдайлары жақсы.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу