Шымкентте май өңдеу зауыты салынады. Малайзиялық компания мен Қазақстанның бизнес өкілдері осындай келісімге келді. Кәсіпорын өндіретін «май», трансформатор құрылысында пайдаланылады. Бүгінге дейін қазақстандық кәсіпкерлер бұл дайын өнімді сырттан импорттап келген. Бірлескен жоба жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірдің экономикалық ілгерілеуіне септігін тигізеді.
Еркебұлан Ілиясов ,кәсіпкер:Біріншіден, біз сапаны жоғарылатамыз. Екіншіден, бағасы өзіміздің өндіріс болғандықтан Шымкентте, Қазақстанда жасалғандықтан бағасы төмен болады деп отырмыз.
Жалпы екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен бизнес форумда 7 меморандумға қол қойылды. Олардың барлығы бірлескен жобаларды жүзеге асырып, екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға бағытталған. Малайзия Қазақстанмен туризм, білім беру, энергетика салаларында ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Соңғы 1 жылда екіжақты тауар айналымы 150 млн-нан 245 млн долларға жеткен.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:Біздің мемлекеттеріміздің арасындағы тығыз саяси диалог өзара серіктестіктің берік негізін қалайды. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сіздің кешегі кездесуіңіз екіжақты қарым-қатынастардың дамуындағы маңызды тарихи кезең болды. Қазақстан Үкіметі жоғары деңгейде қабылданған барлық уағдаластықтарды іске асыруға дайын.
Оңғар Алпысбайұлы