Ресейден келген нөпір судың 80 млн текше метрі Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді. Бұл көлдерге соңғы 20 жылда су бармаған. Қамыс-Самар көлдері киіктер мен басқа да жануарлардың көшу жолындағы табиғи суат көзі болғандықтан, бұл үрдіс батыстың табиғатына оң әсер етеді дейді, мамандар. Су бұру жұмыстарымен «Қазсушар» мамандары айналысып жатыр.
Нұрсұлтан Тілектес