Орталық Азия студенттері заң саласында тәжірибе алмасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азия студенттері заң саласында тәжірибе алмасты

14.05.2024

Алматыда Орталық Азиядан келген студенттер Адам құқықтары және қоршаған орта мәселелерімен танысты. Шараға заң факультетінде оқып жатқан Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның 40-тан астам студенті қатысты. Еуропа Кеңесінің сарапшылары осы саладағы жаһандық проблемаларға жан-жақты шолу жасап, тақырыптық дәрістер оқыды.

Игорь Рогов, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы:

Қазірдің өзінде мұндай шараларды тек заң факультетінде оқитын студенттер үшін емес, барлығына бірдей тұрақты түрде өткізу туралы ұсыныс айтылып жатыр. Олар мұндай кездесуде адам құқығын ғана біліп қоймай, қалай қорғанудың тетіктерін де үйренеді. Қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінеді.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу