Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылының тұрғындары эвакуацияланды. Өйткені ауылға кіретін жолды су басу қаупі туындады. Жайық өзені арнасынан асып, су жайылмаға тарап жатыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Бұл Талдыкөл ауылына кіре беріс жол. Жайық өзені ернеуінен асып, сай-салаға жайылып жатыр. Ағысы қатты нөпір су ырық берер емес. Жолдың жалпы ұзындығы 7 шақырым. Келген суды өткізіп жіберу үшін бұл жерге 5 құбыр салынған. Қазір мұнда әскерилер мен тұрғындар бөгеттерді қосымша нығайтып жатыр. Жағдайды толығырақ білу үшін ауыл округінің әкімі Сейілбек Зұлқашевты сұқбатқа тарттық.
Кеше кірме жолды су басады деп қауіптеніп, ауылды алдын ала эвакуациялау басталған болатын. 146 тұрғын қаладағы эвапунктерге орналастырылды. Тұрғындардың жағдайын біліп, бірімен сұқбаттасқан едік, назар аударсақ.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Бүгін қаладағы гидробекетте Жайық өзені қауіпті деңгейден асып, 552 см-ге жетті. Қазір жауапты мамандар тасқынға қарсы жұмыстарды пысықтап, қамданып жатыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт