Олимпиада алауы Францияға жетті. Оны елдің оңтүстігіндегі Марсель қаласына ХIХ ғасырдағы Белем желкенді кемесімен алып келді. Алау Грекиядан жеткеннен кейін оны бірінші болып француз спортшысы 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Флоран Маноду ұстады. Желкенді кеме Марсельдің ескі портына Францияның әнұранымен кірді. Салтанатты шараны жағалаудан 50 мыңға жуық адам тамашалаған. 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.
Дархан Рақымжан