Литвада Тоғызқұмалақтан балалар арасында халықаралық турнир өтті. Шараны еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі Литва және Латвиядағы Тоғызқұмалақ федерацияларымен бірігіп ұйымдастырды. «Сантарос» гимназиясында өткен жарысқа Қазақстан, Литва және Латвиядан 30-дан астам бала қатысты. Оқушылар бестемшеден өзара бақ сынасты. Жүзден жүйрік шыққандарға бағалы сыйлықтар мен литва тілінде жарық көрген тоғызқұмалақты үйрететін әдістемелік құралдар табысталды. Еуропалық тоғызқұмалақ шеберлері, қыркүйекте Астанада өтетін 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысып, жеңіспен оралудан үмітті.
Нұрсұлу Қасым