Ақтөбеде тоғызқұмалақтан Шығанақ Берсиев атындағы республикалық турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде тоғызқұмалақтан Шығанақ Берсиев атындағы республикалық турнир өтті

21.10.2014
Ақтөбеде тоғызқұмалақтан Шығанақ Берсиев атындағы республикалық турнир өтті

 

Ақтөбе қаласында тоғызқұмалақтан республикалық Шығанақ Берсиев атындағы турнир өткізілді. Бұл туралы «Ақтөбе» газеті хабарлайды.

Оныншы рет өткізіліп отырған сайысқа республиканың көптеген аймағынан және бірінші рет Қырғыз елінен ойыншылар қатысты. Жарыс жас шамасына қарай екі топта жекелей түрде өтті.

Жарысқа барлығы 145 ойыншы қатысты. Сайыс нәтижесінде Азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қырғыз спортшысы Анарбек Жамакеев көш бастаса, екінші, үшінші орындарды оңтүстікқазақстандық Ғалымжан Темірбаев пен ақтөбелік Нұрбек Қабиев бөлісті.

Қыз-келіншектер арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ақтөбелік Диана Кенина топ жарып шықты. Одан кейінгі орындарды спорт шеберлері - астаналық Салтанат Құсайынова мен ақтөбелік Алмагүл Тәкішева иеленді.

Жасөспірімдер арасындағы жарыста Әйтеке би ауданынан келген Ерасыл Қуанышбаев жеңіске жетті. 

Хабарламаларға жазылу