Қостанай облысында тасқыннан зардап шеккен 38 отбасына пәтер берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында тасқыннан зардап шеккен 38 отбасына пәтер берілді

10.05.2024

Қостанай облысындағы Алтынсарин ауылының тасқыннан зардап шеккен 38 тұрғынына қаладан пәтер берілді. Жалпы бұл елдімекенде 151 үйге су кірген. Соның 52-сі қалпына келтіруге жарамайды. Мұндай үйлердің иелеріне, жаңа баспана тұрғызу немесе пәтер алу ұсынылады. Бұл жұмыс ірі бизнес өкілдерінің есебінен жүзеге асады. Облыс орталығындағы жаңадан салынып жатқан тоғыз қабатты үйдің 80 пәтері табиғи апаттан зардап шеккендерге берілмек. Сапасы жағынан бұл нысан «жайлы үй» санатына жатады. Ауласында балалар алаңқайы, жаттығу зонасы, баскетбол, футбол алаңдары бар. Әрлеу жұмыстары аяқталғасын бір айдың ішінде қоныстануға болады.

Әйгерім Мұсанова, Алтынсарин ауылының тұрғыны:

Балалар үшін осындай таңдау жасадық қалаға келу үшін, өйткені барлық жағдай жасалған. Балабақша бар қасында, мектеп бар,балаларға ойнатын аула бар. барлығы жақын, аялдамалар жақын. Бәрі қолайлы.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу