Павлодар облысында кеме капитаны суға батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында кеме капитаны суға батып кетті

10.05.2024

Павлодар облысында кеме капитаны Ертіс өзеніне батып кетті. Оқиға түнгі уақытта Аққулы ауданы аумағында болған. Сол жерге бірден төрт сүңгуірші түсірілгенімен тәулік бойғы іздеу жұмыстары нәтиже бермеді. Оның үстіне қазір Ертіс суының деңгейі көтерілген, ағыны қатты, асты лай. Бұл іздеу-құтқару жұмыстарын қиындатып отыр. Алдын-ала мәліметке қарағанда кеме «Қазақстан Су-Жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының меншігіне тиесілі. Капитан палубадан құлаған. Іздеу жұмыстары жалғасуда.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу