Ресейлік траулер өртеніп, суға батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейлік траулер өртеніп, суға батып кетті

26.09.2019

Норвегияның Тромсё қаласының портында ресейлік балық аулау кемесі өртеніп, суға батып кетті. Жергілікті мамандар бір тәулікке жуық жанған «Бухта Наездник» траулерін құтқара алмады. Жағалау күзеті кеме бортында 200 метр куб жанармай болуы мүмкін деп отыр. Сондықтан оның жарылу және суға таралу қаупінен жақын маңдағы 100-ден астам тұрғын эвакуацияланды.

Су көлігіне иелік етуші компанияның хабарлауынша, 29 экипаж мүшесі дін-аман. Апаттан кейін олар қонақүйге орналастырылды. Кейбір деректерге сәйкес, траулер жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін портқа тоқтаған. Дегенмен өртке не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір істің мән-жайы тергеліп жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу