Астаналық кәсіпкерлерге электр энергия құны арзандайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық кәсіпкерлерге электр энергия құны арзандайды

06.05.2024

Астанада электр энергия құны арзандайды.Бірақ, тек кәсіпкерлерге ғана.

1 маусымнан бастап бизнес өкілдері үшін жарық 18 пайызға арзандады. Ұлттық экономика министрлігінің мәлімдеуінше, «Астанаэнергосбыт» компаниясы заңды тұлғалар үшін электр қуатының тарифін түсірді. Қолданысқа енетін тариф 1 кВт/сағатына 38 теңге 35 тиыннан - 31 теңге 45 тиынға төмендейді. Яғни, 6 теңге 9 тиынға арзандайды. 

Қанат Құлназаров, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы:
Бұл тариф барлық кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты болады. Яғни, ірі, шағын және орта бизнес өкілдері де осы бекітілген тариф құнымен төлейді. Сондай-ақ барлық кәсіпкерлік субъектілеріне бірыңғай тариф жүйесі енгізіледі. 

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу