Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бақылауымен осындай 6 мыңнан астам нысанға дезинфекция жүргізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Уразалиева мәлімдеді. Санэпидқызметтер сумен жабдықтау көздеріне күнделікті мониторинг жүргізеді. Үйлесімді іс-қимылдарының нәтижесінде инфекциялық аурулардың, соның ішінде ішектің, уланудың өршуі жағдайларына жол берілмеді, - деді. Су тасқыны басталғаннан бері эвакуациялық пунктерде тәулік бойы жұмыс істейтін 106 медициналық пост орналастырылған. Эвакопункттерде медициналық және медициналық-психологиялық көмек көрсету үшін 600-ге жуық медицина қызметкері, оның ішінде 101 дәрігер, сондай-ақ 47 психолог тартылыпты.
Азамат Бейбітұлы