Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды

02.09.2020

Президент Жарлығымен Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін министрдің міндетін атқарған болатын. 

Мусиннің кандидатурасын Мәжіліс бірауыздан мақұлдады. Биылғы сессиядан бастап Мәжілісте министрлерді тағайындаудың жаңа тәртібі енгізілді. Кандидаттар салалық комитеттерге өз бағдарламасын таныстырып, депутаттар оның жүзеге асуына ерекше назар аудара алады. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу