Ақтөбе облысында 580-ге жуық үй салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында 580-ге жуық үй салынады

04.05.2024

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында тасқыннан зардап шеккен бес отбасына/ үй сатып алынды. Өңірде 580-ге жуық үй жаңадан салынАды. Қазір шығынды есетпеу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Қоғамдық штаб мүшелері, әр тұрғынның өтініш-тілегін тыңдап, көмек көрсетуде.

Жақсыбек Кемал, Тілші:

«Бұл қаланы қақ жарып өтетін Жіңішке өзені. Өткен жылдары арнасын кеңейту, жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілген еді. Алайда, оған қарамастан өзен арнасынан асып, жағалаудағы үйлер суға кетті».

Сырым Бекембаевтың да үйі өзенге жақын орналасқан. Нөпір су келгенде ол үйінде ұйықтап жатыпты. Дүние-мүлкін шығарып үлгермеген. Ауласы кепкен соң отбасымен бірге үйіне қайта оралды. Қазір әкімдік бөлген көмекке құрылыс материалдарын алып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге әзірлік жасап жатыр.

Сырым Бекембаев, Қала тұрғыны:

«Үйдегі бытавой техника – барлығы кетті ғолй, жиһазымыз. Палас, линолейм, қарапайым күндегі пайдаланып отырған қасығымызға дейін суға кетіп қалды ғой. Міне, профлист, ағаштарымды алдым, ана жерде черновойымның ағаштарын алдым. Сосын заборыма деп бушний заттарды әкеліп қойдым. Жайлап тіршілігімізді істеп жатырмыз».

Ақтөбе қаласына қарасты Алматы ауданының өзінде 50 үйге су кірді. Шығын көлемі толықтай есептеліп болды. Тұрғындарға бер реттік өтемақыдан бөлек, 121 миллион теңге қаржы берілген.

Жақсат Төлегенов, Алматы ауданы әкімінің орынбасары:

«Барлығы бір жолғы өтемақыларын және матераилдық өтемақыларын алды. Жайлап жөндеу жұмыстарын бастап жатыр бұл кісілер. Жаңа да қарап отырмыз, қандай көмек керек, барлығын біз беріп отырмыз».

Ал Алматы ауданында жұмыс әлі жалғасып жатыр. Өйткені, мұнда 3550 адамнан өтініш түскен. Тасқыннан залал келген үйлерді қазір арнайы комиссия мен қоғамдық штаб мүшелері аралап жүр. Мақсат - тұрғындардың мұң-мұқтаждарын тыңдап, жағдайды көзбен көру.

Раушан Жәлімбетова, Қоғамдық штаб мүшесі:

«Өтініш түскен үйлерді аралап жүрміз. Бағалау жұмыстарының қалай жүргізілгенін де назарға аламыз. Одан бөлек тұрғындарға құқықтық көмек көрсетеміз».

Өңірде 783 үйге су кірген еді. Оның 415-іне «тұруға жарамды» деген қорытынды жасалған. Жөндеу жұмыстары үшін 222 отбасыға 500 миллион теңге берілді.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу