Шымкентте 4 мыңнан астам адам тазалық жұмысына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 4 мыңнан астам адам тазалық жұмысына қатысты

03.05.2024

Шымкентте «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында 6 мыңға тарта жасыл желекке күтім жасалып, ондаған шақырымнан астам аяқжол тазаланды. Қураған ағаштарды қырқу, көше бойлары мен аулаларды сырлап, әктеу, қоқыс шығару ісіне 4,5 мыңнан астам азамат қатысты.

Шымкентте «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында 6 мыңға тарта жасыл желекке күтім жасалып, ондаған шақырымнан астам аяқжол тазаланды. Қураған ағаштарды қырқу, көше бойлары мен аулаларды сырлап, әктеу, қоқыс шығару ісіне 4 жарым мыңнан астам азамат қатысты.

Тазару мен жаңару қарияларға құрмет, ізет көрсету ісімен астасып кетті. Апталық аясында еріктілер мен студенттер қарттар үйінің ауласын тазалады. Қазір мұнда 184 қария тұрып жатыр. Тазалық жұмысына жасы егде тартқан жандардың өзі де көмектесті.

Өркен Әбдіреев, Қала тұрғыны:

Жасым 90-да. Соған қарамай мен бүгін өте қуанышпен қаланы тазалауға келіп отырмын. Өйткені Шымкент Қазақстандағы ең таза, ең көрікті, үлгілі қала болуы керек.

Сәуір айының алғашқы аптасынан басталған тазалық жұмыстары содан бері тоқтаусыз жүргізіліп келеді. «Мөлдір бұлақ» атауымен өтетін алдағы апталықта шаһар аумағындағы өзен-көлдердің жағасы қоқыстан тазартылып, арнасы ашылады. Бұл жұмыстарға ерікті жастармен бірге мекеме басшылары, депутаттар мен әкімдік қызметкерлері де жұмыла кірісті.

Рашид Мыңбаев, Әл-Фараби ауданының әкімі:

Аудан өте үлкен. Көпқабатты үйлер көп. Бізде 623 ауыла бар. Қазір осы шараға 200-ге тарта азамат қатысты. Оның ішінде тазалық мекемелері де атсалысуда. Қурған ағаштарды қырқуға 5 үлкен техника жұмылдырлыды.

Жастар тазалық жұмыстарына белсене қатысуымен бірге осындай игі істі насихаттайтын мәдени шараларды да өткізді. Арбат демалыс аймағында 300-ге жуық белсенді жас «Өз елін сүйетін өнегелі ұрпақ» атты флешмоб ұйымдастфрды.



Хабарламаларға жазылу