Шымкентте 12 мыңнан астам адам ковидке қарсы екпенің үшінші бөлігін алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 12 мыңнан астам адам ковидке қарсы екпенің үшінші бөлігін алды

22.12.2021

Түркістан облысында «Pfizer» вакцинасын салдырған тұрғындар саны 40 мыңнан асты. Олардың көпшілігі - 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер болса, 4 мыңы - жүкті әйелдер. Сондай-ақ үш мыңға жуығы емізулі баласы бар аналар. Сала мамандары екпе әрбір оқушының ата-анасының келісімімен ғана салынып жатқанын айтады. Ревакцинация шаралары да қарқынды жүргізілуде. Нәтижесінде өңірде соңғы екі тәулікте COVID жұқтырған науқастар тіркелмеген.

Ал Шымкентте 12 мыңнан астам азамат коронавирус инфекциясына қарсы екпенің үшінші құрамдас бөлігін салдырды. Ал қараша айының ортасынан бері қалада «Pfizer» екпесін 10 мың 325 адам алған. Оның дені 12-18 жастағы жасөспірімдер, қалғаны емізулі баласы бар аналар.


Хабарламаларға жазылу