Енді нотариус арқылы көлікті өз атыңызға аударғыңыз келсе немесе басқа адамға сату үшін егов арқылы электронды цифрлық қолтаңба кілтін қолдану міндетті. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Себебі, бұл бағытта заңсыздық көбейіп кеткен.
Мысалға, Астанадағы нөмірі екінші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы басшысы мен бірнеше қызметкері шетелдік көліктерді жаппай заңсыз тіркеп келген. Мемлекетке келген шығын 1,2 млрд теңге. Олардың бәрі сот үкімімен 9 жылға бас бостандығынан айырылды.