Қырғызстанда балмұздақ тиелген жүк машинасы 29 баланы қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанда балмұздақ тиелген жүк машинасы 29 баланы қағып кетті

02.05.2024

Қырғызстанда балмұздақ тиелген жүк машинасы 29 баланы соқты. Олардың 18-і ауруханаға жеткізілді. Жетеуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Үшеуі ауыр халде. Оқиға Созақ ауданында, Манас эпосын айтуға жиналған оқушылар арасында болды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, жүргізушісі жоқ көлік дөңнің үстінен белгісіз себеппен төмен қарай жүріп кеткен.


Хабарламаларға жазылу