Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады

02.05.2024

Сонымен қатар Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады. Ол ұйымының былтырғы және биылғы I тоқсанда атқарған жұмысының нәтижелерін баяндап, орталықтың дамыту жоспарын таныстырды.

Бектұровтың айтуынша, Қаржы орталығы іске қосылған сәттен бері елімізге 11 миллиард доллардан астам инвестиция тартуға атсалысқан. Ұйымға тіркелген компания саны 670-тен асты. Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайда мәмілелер жасау үшін Қазақстан экономикасына инвестиция тартуға көмектесетін барлық мемлекеттік орган мен оған жетекшілік ететін қаржы институттарының күш-жігерін біріктіру қажет екеніне назар аударды.

Ринат Бектұров, «Астана» ХҚО Басқарушысы:

Былтыр Президенттің Жолдауы барысында осы АХҚО жасыл қаржы орталығы ретінде көшбасшы болуы тапсырмасы берілген. Бүгінгі таңда орталық азия және де шығыс Еуропа аумағында біздің орталығымыз жасыл қаржы бойынша бірінші орынды алып отыр. Есеп қорытындысы бойынша Президент АХҚО көшбасшылығын дамытуға, қаржы институттарының санын көбейтуге орталықтың халықаралық аренадағы көшбасшы рөлін арттыруға тапсырма берді.


Хабарламаларға жазылу