Президент Қайрат Келімбетовті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қайрат Келімбетовті қабылдады

20.05.2020

Экономикалық ахуал мен қаржы нарығын Мемлекет басшысы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов те талқылады. Кездесуде елдегі қаржы нарығын дамыту, инвесторлар мен қаржы қызметтері тұтынушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғау және сауда-инвестициялық ынтымақтастық бойынша жоспарға мән берілді. Президент дағдарыстан кейін экономиканы қайта қалпына келтіру кезінде аталған қаржы орталығына артылатын міндетке тоқталды. Инвестиция тарту және мемлекеттік активтерді жекешелендіру барысында, қор нарығын дамытуда «Астана»  халықаралық қаржы орталығының әлеуетін белсенді пайдалануды тапсырды.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу