Қарағанды-Балқаш жолының құрылысы биыл аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды-Балқаш жолының құрылысы биыл аяқталады

02.05.2024

«Қарағанды-Балқаш» жолының құрылысы қайта жалғасын тапты. Биыл автобанның төрт жолағы түгел аяқталуы тиіс. Жалпы ұзындығы 363 шақырым болатын күрежол бойында анықталған ақауларды жөндеу, қарама-қарсы бағыттарды бөлу, суағарлар мен көпірлерді салу жұмыстары жүргізіледі. Күрежол бойында айналма жолдар азайып, жол ұзақтығы бірнеше сағатқа қысқарған. Биыл жолға түгел асфальттың соңғы қабаты төселеді. Қазір бұл жұмыс 8 учаскенің біреуінде ғана біткен.

Көлік жүргізуші:

Жақсы жолдар. Бұрынғыға қарағанда жақсарып келе жатыр ғой. Былтыр келгенбіз, биыл бірінші рет келіп жатырмын. Қарағанда, Балқаш жақ, бергі жолдар жақсы енді. Енді аз-маз оралымдар бар. Кішкене үзілістері болды енді. Жалғап жасап жатыр.

Автобан құрылысы бес жыл бұрын басталған. Екі жыл пандемия салдарынан кешеуілдеп, кейін құрылыс материалдары қымбаттады. Жобаның бастапқы құны 248 миллиард теңге болса, кейін 317 млрд теңгеге жеткен. Биыл жол құрылысына мыңға жуық техника мен 1 мың 200 жұмысшы тарту көзделіп отыр.

Айбек Амантаев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы директорының орынбасары:

 Бүгінгі күні құрылыс және анықталған ақауларды жою жұмыстары қайта жанданды. Сонымен қатар жол құрылысы және асфальт бетон бетінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары басталды. Ақсу-Аюлы, Ақшатау жол пайдалану учаскелері салынады.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу