Бишімбаев ісі: Байжановқа тағылған айыптың біреуі алынып тасталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бишімбаев ісі: Байжановқа тағылған айыптың біреуі алынып тасталды

02.05.2024

Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісі Бақытжан Байжановтың ісіне қатысты сот жалғасып жатыр. Бүгін судья Байжановқа қатысты «қылмысты хабарламады» деген бапты алып тастады. Оған енді тек аса ауыр қылмысты жасырды деген айып тағылып отыр. Сот тергеуі аяқталды. Тараптар жарыссөзге көшті. Жарыссөздің бірінші бөлімінде мемлекеттік айыптаушы, айыпталушының қорғаушылары, айыпталушы, жәбірленуші және оның өкілдері сөйлейді. Ал жарыссөздің екінші бөлімі алқабилердің қатысуынсыз өтеді.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу