Махамбет ауданында жаға бекіту жұмыстары 100 пайызға аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Махамбет ауданында жаға бекіту жұмыстары 100 пайызға аяқталды

02.05.2024

Атырау облысындағы Индер және Махамбет аудандарында жаға бекіту жұмыстары аяқталды. Батыс Қазақстаннан келетін нөпір су алдымен Индерден өтіп, Махамбетке жетеді. Содан соң Атырау қаласына келеді. Қауіптің алдын-алу мақсатында Махамбетте биіктігі 2,5 метр болатын 65 шақырым, Индерде 4,5 метрден 30 шақырым бөгет салынды. Жұмыстарға 3 мыңға жуық адам мен 300-ден астам техника жұмылдырылған. Жайықтан келер қауіп әлі де сейілмей тұр. Су деңгейі тәулік сайын көтеріліп жатыр. Бүгін Индерде бірден 32 см-ге көтеріліп, гидробекеттегі деңгей 7 метр 50 смге жетті. Ал Махамбетте 8 метрге жуықтады. Атырау қаласында 8 см-ге көтеріліп, 459 см-ге жетті. Қауіпті деңгейге 90 см қалды.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу