Жер салығы үшін қазынаға миллиардттаған теңге қарыз болған шымкенттік шаруалардың мәселесі бірер айда шешімін таппақ. Бұл туралы мегаполиске жұмыс сапарымен барған ауылшаруашылығы минстрі Айдарбек Сапаров айтты. Осыған дейін «Қазақстан» ұлттық арнасы бұл мәселені көтеріп, мемлекетке борышкер болған шарулардың биыл көктемгі егіске кірісе алмай отырғанын айтқан болатын. Өйткені бірнеше жылдан бері олардың есепшоттары бұғатталып, субсидиядан да қағылған. Шаруалар мұндай қиындыққа Шымкенттің дербес шаһар мәртебесіне ие болғаннан кейін кезіккен. Диқандар оған дейін 1 гектар үшін небәрі 90-190 теңгенің арасында салық төлеп келген болса, мегаполис атанғаннан соң мың есе артық яғни 91700 теңге төлейтін болды.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Жердің санаты өзгеретін болса бәрі өзгереді. Мал шаруашылығы болсын, өсімдік шаруашылығы болсын. Бәрі бірдей болады. Қаладағыдай баға болмайды. Субсидияны да алады, жағдайы да түзеледі.
Ғани Қалмаханов