Қытайда бірнеше провинцияны су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда бірнеше провинцияны су басты

29.06.2018

Қытайда нөсерлі маусым басталды. Сол себепті елдің түрлі бөліктері алапат су тасқынынан зардап шегіп отыр. Төпелеп жауған жаңбыр көшелерді өзенге айналдырып, үйлер мен көліктер су астында қалды.

Аньхой провинциясында бейсенбіде 200 миллиметрге жуық жауын-шашын түскен. Ал, Шаньдун провинциясында 6 ауылға ірілігі тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауып, ағаштар мен көліктерді зақымдаған.

Ауа райын бақылаушылардың мәліметінше, елдің Чжецзянь, Сычуань және Цзяньси провинцияларында да алдағы күндері жаңбыр құяды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу