Солтүстік Қазақстанда 159 штаб жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда 159 штаб жұмыс істеп тұр

29.04.2024

Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды қолдау үшін құрылған қоғамдық штабтардың мүшелері 160-тан астам кездесу ұйымдастырды. Жұмыс топтары заңгер, депутат, еріктілер мен басқа да сала мамандарынан құрылған. Олар 10 мыңнан астам адаммен кездесіп, түрлі сауалдарына жауап берді. Аудандық, қалалық, және облыстық деңгейдегі 159 штаб жұмыс істеп тұр. Облыста 4 мыңға жуық үй мен 6 мың саяжай учаскесін су басты. 14 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. 1 мыңнан астам адам бір айға жуық уақыттан бері эвакуациялық пунктттерде тұрып жатыр.

Болат Қожахметов, Қоғамдық штаб мүшесі:

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындардан сан-алуан сауалдар түседі. Бірден жауап берме алмайтын сұрақтарды жауапты органдарға жолдаймыз. Үйлері тұруға жарамсыз болып қалған азаматтарды жаңадан берілетін баспаналардың қандай болатыны алаңдатып отыр. Несие төлемдерін уақытша тоқтату жөнінде де өтініштер айтылады.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу