Солтүстік Қазақстанда 159 қоғамдық штаб жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда 159 қоғамдық штаб жұмыс істеп тұр

26.04.2024

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында құрылған 159 қоғамдық штаб жұмыс істеп тұр. Қоғам белсенділері, кәсіпкерлер мен еріктілер күн сайын тұрғындармен кездесіп, заңгерік кеңес беріп, гуманитарлық көмек көрсетуде. Облыста 3,5 мыңға жуық үйді су басты. 14 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың мыңға жуығы эвакуациялық пункттер мен уақытша баспаналарда тұрып жатыр.

Инна Шангарвеева, Тепличное ауылының тұрғыны:

Заңгер, адвокаттар келіп, қолдау көрсетіп жатыр. Әсіресе қарт адамдарға құжат жинауға көмек керек. Мамандар өтінішті қайда, қалай жазу керектігін түсіндірді. Кейде өзім де егов арқылы анықтама алғанда қиналамын. Сол сәтте қоғамдық штабтың көмегіне жүгінемін.

Қоғамдық штабтар құрылғалы облыс орталығында 120-дан астам кездесу ұйымдастырылып, 6 мыңға жуық адамға кеңес берілді. Мамандардың айтуынша тұрғындар көбіне бір реттік әлеуметтік көмекті алу жолдарын сұрайды.

Арман Бердіғұлов, Қоғамдық штаб мүшесі:

Зардап шеккен дамдармен кездесіп, олардың қал-жағдайын біліп, гуманитарлық көмекті қалай алу жолдарын, кімнен, адамдардың тізімін жасап, сол жұмыстарды үйлестіруге қоғамдық штаб мүшелері белсенді түрде араласып жүр.


Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу