Шығыс Қазақстан облысында күн жылынғанн бері 500-ге жуық адамды кене шаққан. Оның 35-і бала. Зиянкестен зардап шеккендердің көбі Алтай, Тарбағатай, Қатонқарағай сияқты таулы аудандар мен Риддер, Өскемен қаласының тұрғындары.
Дегенмен мамандар аймақта әзірге кене энцефалитін жұқтырғандар тіркелмегенін айтады. Кене тек энцефалит қана емес, 30 шақты аурудың вирусын таратады. Сондықтан оның шағуын әдеттегі жағдайға балап, салғырттық танытуға болмайды. Санитар-дәрігерлердің айтуынша, облыста иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті. Екпе салатын арнайы кабинеттер де ашылған. Қазір өңірдегі кене ошағы бар аумақтарды зарарсыздандыру жұмыстары басталып кетті.
Гүлмира Қайратова, облыстық Санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
Өткен жылмен салыстырғанда кене шағу көрсеткіші көбейіп тұр. Өйткені өздеріңіз білесіздер, көктемнің күрт жылынып, ерте келіп түсуіне байланысты. Бір қуанарлығы, кенеден зардап шеккендердің барлығы 97 проценті препаратпен қамтылды. Қалған 3 проценті белгілі себептермен медициналық көмекке жүгінбеген діктен серопрофилактикамен қамтылмады.
Олжас Керейхан