Түркістан облысында кеден бекетінің қызмет көрсету сапасы жақсарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында кеден бекетінің қызмет көрсету сапасы жақсарды

28.04.2024

Ал, Түркістан облысында кеден қызметінің өткізу қабілеті 38 пайызға артты. Бұл тың технологиялар мен озық үлгідегі халықаралық тәжірибені енгізудің нәтижесі.Аймаққа арнайы жұмыс сапарымен келген Сенат депутаттары, «Жібек Жолы» өткізу бекетіндегі ақпараттық жүйе қызметімен танысты. Онда Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Шекара қызметінің және бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Комитет төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов, кеден бекеттеріндегі қызмет көрсету сапасын саралап, электрондық сүйемелдеу, кедендік рәсімдеуді жетілдіру мәселелеріне тоқталды. Осындай жаңа жүйелердің арқасында, бизнес шығындары азайып, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі артады. Сондай-ақ, Сенат депутаттары, «Қапланбек» кеден бекетінің құрылыс барысымен, «Тұран» арнайы экономикалық аймағының қызметімен танысты.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу