Елімізде жаңа су қоймалары салынатын аймақтар анықталды. Олар болашақта 2,5 миллиард текше метрге дейін су жинай алады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілі брифинг барысында мәлімдеді. Бірінші кезеңде Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында 10 су қоймасын салу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Түркістан облысында бір су қоймасы пайдалануға беріліп, тағы бірінің құрылысы басталды. Сонымен қатар, аймақтарда 8 су қоймасының құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Азамат Бейбітұлы